Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

360
көрілім

"Қазгидромет" РМК-нің мәліметінше бүгін Қазақстанның бес өңірінде ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
-Жұмада Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Өскемен қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі. Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.