Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

423
көрілім

29 қараша күні еліміздің 6 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Теміртау және Өскемен қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.