Еліміздің барлық өңірінде күн суытады

459
көрілім

Синоптиктер 26-28 қыркүйек күндеріне арналған ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

 

 Қазақстанның батысы мен солтүстігіне үсік алып келген суық антициклон шығысқа ауысты. Алдағы үш тәулікте республиканың орталығы мен шығысында ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді.

Ал Орал аудандарынан кезекті суық фронттың ығысуының ықпалынан республиканың басым облыстарында жауын-шашын болып, екпінді жел соғып, солтүстік облыста жауын жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін деп болжануда.

Егер өткен үш тәулікте ауа температурасы оңтүстікте, орталық пен шығыста қалыпты нормадан 3…6°С-қа жоғары болса, сенбі күні нормаға жақындап, ал жексенбі күні барлық өңірлерде нормадан 3…8°С-қа төмен болады.