Еліміздің бірқатар аймағында коммуналдық қызмет тарифтері көтеріледі

442
көрілім

Жаңа жыл жаңа бағадан басталмақ. Еліміздің бірқатар аймағында коммуналдық қызмет тарифтері көтеріледі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мәлім етті деп хабарлайды buqara.kz тілшісі Қазақпарат мәлімет көзіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, сумен жабдықтау және су тарту қызметтерінің тарифтері 12 аймақта орын алады, соның ішіне Шығыс Қазақстан облысы да кіріп отыр. Сондай-ақ, жылумен қамтамасыз ету бойынша Өскемен және Семей қалаларында тарифтер өседі.