Елордада коронавирусқа шалдыққан тағы бір адамды анықтады

354
көрілім
Шартты фотосурет

Елімізде түске жуық жұқпалы дертке шалдыққан тағы бір адам анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитеті дерегінше, түс кезінде Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адамның коронавирусқа шалдыққаны мәлім болды.
Осылайша наурыздың 24-і күні түске дейін еліміз бойынша жұқпалы дертке шалдыққандар саны 68-ге жетті. Оның ішінде, ең көп сырқаттар саны – елордада (35 адам), одан кейін Алматыда (29 адам). Қарағанды облысында – екі, сонымен қатар Алматы мен Ақтөбе облыстарында бір жағдайдан тіркелген.