Еңбек кітапшасы болмайды

494
көрілім

2019 жылдан бастап елімізде еңбек кітапшасының қажеті болмайды. Еңбек келісімшарттарын тіркеудің бірыңғай жүйесін енгізудің арқасында қазақстандықтар еңбек кітапшасынан құтылмақ.

– Бірыңғай электронды еңбек биржасы базасында жұмысшы профилін жүргізу және еңбек келісімшарттарын есепке алу жүйесі құрылуда. Еңбек келісімшарттарын электронды форматқа көшіру қағаз еңбек кітапшасын алып тастауға мүмкіндік береді. 2019 жылдың басында еңбек кітапшасы түбегейлі электронды жүйеге көшірілмек, – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Аталған жүйе арқылы азаматтың ресми жұмысы туралы ақпарат алуға болады. Онда келісімшарт жасалған уақыт мерзімі де шығып тұрады.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ