Енді Жүргізуші куәлігін үйден шықпай ақ ауыстыруға болады

56
көрілім

ХҚКО мамандарының айтуынша, жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталуға жақын адамдар  енді оны электронды портал арқылы ауыстыра алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Естеріңізге салсақ, Өскемен қаласы бойынша халыққа мамандандырылған қызмет көрсету секторы  осы жылдың 1 шілдесінде Сәтпаев көшесі, 34/2 мекенжайында ашылған еді. Сол уақыттан бері көлікті тіркеуге қою және тіркеуден шығару қызметі бойынша азаматтарға 12298 қызмет, ал жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша 3922 қызмет түрі көрсетілген.

– ХҚКО тұрғындарға әр алуан элек­тронды қызмет түрлерін ұсынады. Егер алғаш рет жүргізуші куәлігін алатын болсаңыз да халыққа қызмет көрсету орталығына баруға міндет­тісіз, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Зәруетқызы.
Ол үшін:
✅ Egov.kz порталынан көлік және коммуникациялар бөліміне өтіңіз;
✅ Жүргізуші куәлігін алу қызметін таңдаңыз;
✅ Порталда «Қызметті онлайн алу» батырмасын басыңыз;
✅Өтінішті толтырып, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойыңыз;
✅ Өтінімге jpeg форматындағы фотосурет пен қолтаңбаңыздың үлгісі бар парақтың скан көшірмесін қоса тіркеңіз;
✅Баж төлеу барысында мамандандырылған ХҚО орналасқан ауданға қарасты салық басқармасын таңдаңыз; Жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж 1,25 АЕК құрайды.
✅Тиісті баж салығын төлеп, электронды чекті басып шығарыңыз.

Құжатыңыз дайын болған сәтте ХҚО-ға келіп келесі құжаттарды ұсынасыз:
☑жеке басты куәландыратын құжат;
☑басып шығарылған электронды өтініш;
☑ескі жүргізуші куәлігі;
☑мемлекеттік баж салығын төлеу туралы басып шығарылған электронды чек.