Әр жерде ит қыдыртқан өскемендіктерге айыппұл салынады

749
көрілім
Шартты фотосурет

Тәртіп сақшылары арнайы белгілер қойылған жерде ит қыдыртуға болмайтыныны ескертуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуырда әлеуметтік желіде Үлбі жағалауында итін серуендетіп жүрген екі тұрғынға айыппұл салынғаны жайлы ақпарат тараған болатын.
- Сәуір айының 28-і күні 24 жастағы қала тұрғынына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 407-2 бабы 1-бөлігіне сәйкес белгі орнатылып, тыйым салынған жерде ит қыдыртқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Жануарларға қатысты Заңнаманы бұзғаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген, - делінген мәліметте.
Бұл ретте полицейлерден мұны қандай да бір рейдке қатысы бар ма, жоқ па екендігін сұрап көрдік.
- Жоқ, бұл рейд емес. Адам көп жиналатын жерде патрульдеу тұрақты түрде жүзеге асырылып отырады. Егер бұзушылықтар байқалса, тәртіп сақшылары тиісті шаралар қолданулары тиіс, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.