Ерасыл Қажыбаев Әлем чемпионатына қатысады

536
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Жуырда дзюдодан Өзбекстан жерінде өтетін әлемдік бәсекеге жол тартатын ел құрамасының тізімі бекітілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өзбекстан өз тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионатын өткізгелі отыр. Жүз елуден астам елден ұзын-саны 700-дей татами шебері келеді деп топшылануда. Жер жаһанның әр нүктесінен келетін дзюдошылар 2019 жылы ашылған Хумо Аренаға жиналмақ. Ел құрамасы белгілі. Дегенмен әр додада бозкілемге беттеп жүрген жерлесіміз Ерлан Серікжанов бұл жолы тізімге енбепті. Оның орнына 73 келіге дейінгі салмақта Данияр Шамшаев барады. Ерлерден тоғыз, әйелдерден сегіз спортшы ел намысын қорғамақ. 100 келіден жоғары салмақта семейлік Ерасыл Қажыбаев жүлде алу үшін жарыс жолына шықпақ. Жалпы тізім төмендегідей:
60 келі Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин
66 келі Ғұсман Қырғызбаев
73 келі Данияр Шамшаев
81 келі Абылайхан Жұбаназар
90 келі Дидар Хамза
100 келі Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан
+ 100 келі Ерасыл Қажыбаев

Әділхан ЕСІМХАНОВ