Ерасыл Жақпеков Азия чемпионатына қатысады

1920
көрілім

Бапкерлер құрамы жуырда Өзбекстанда өтетін бокстан 22 жасқа дейін жастар арасындағы Азия чемпионатында бақ сынайтын спортшылар есімін атады. Олардың қатарында семейлік Ерасыл Жақпеков те бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жалпы, Токиодағы Олимпиададан кейін өзбекстандық боксшылардың біршамасы үлкен спорттағы қадамдарына күдікпен қарап, жүлдеге ие бола алмағандарын таңданыспен талқылады. Жапониядағы додада тек бір алтын медальға қол жеткізсе, Сербиядағы әлемдік аламанда бір күміс, бір қола жүлдеге ие болған еді. Жастар ғана қатысатын бәсеке болса да, құрамаға аз-кем өзгеріс енгізіп, командалық есепте алдыңғы үштіктен көрінуден үмітті.

Ал Қайрат Сатжанов шәкірттері аталған додаға барлық салмақта қатысуға ниетті.

Сонымен қаңтар айының соңында Ташкентте жалауын көтеретін жарысқа барлығы 26 спортшы қатыспақ. Айта кетерлік жайт, әр салмақта екі боксшыдан бақ сынауға мүмкіндік бар. Үздік нәтиже көрсеткендері құрама сапына өтеді. Ал шығысқазақстандықтар арасында аталған тізімге семейлік былғары қолғап шебері енген. Ерасыл Жақпеков 80 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға беттейді.