Ерекше экскурсия

396
көрілім

13 шілдеден бастап Курчатов қаласындағы орта мектеп оқушылары туристік маршрут арқылы Ұлттық ядролық орталыққа барып көре алады.

Бұл «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесі мен Ұлттық ядролық орталықтың және «Ядролық технологиялар саябағы» АҚ-ның бірлескен жобасы аясында мүмкін болып отыр. Жаңа туристік маршрут аясында оқушылар Қазақстандағы жалғыз термоядролық токамак қондырғысына, Семей ядролық полигонының мұражайына, сондай-ақ Курчатов қаласындағы тарихи нысандарға бара алады.

– Шілде айының 13-і мен тамыз айының 30-ы аралығында балаларды қабылдауға дайынбыз, – дейді Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов, – Экскурсиялық сапар барысында оқушыларға отандық атом өнеркәсібінің жетістіктері туралы фильм де көрсетіледі. Бұл экскурсияның бағдарламасы ШҚО-дағы киелі орындардың жалпы тізіміне енгізілген.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ