Ережеп Мәмбетқазиев. Жоғарғы мектепті қайта құрушы

532
көрілім

Қазақстан Республикасындағы білім реформаларының тарихы Ережеп Мәмбетқазиевтің есімімен мәңгі байланыстырылған. ҚР Білім және ғылым министрлігін басқарып тұрған кезде оның бастамасымен Қазақстанның жоғарғы мектеп реформасы жүргізілді. Өскемендегі қос университеттің ашылуы да осы адамның арқасы.

Мәмбетқазиев 1984 жылы Өскемен педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды. Бұл жоо мамандарды даярлаудағы жоғары сапасымен белгілі еді. Студенттері Педагогика және психология бойынша Республикалық және Жалпыкеңестік олимпиадалардан жүлделі орын алатын. Өскемен пединститутының ғылыми әлеуеті оны университетке айналдыруға мүмкіндік берді. Бұл өзгеріс 1991 жылы орын алды. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті ҚазМУ мен ҚарМУ-дан кейін республикадағы үшінші университет болды.

1992 жылы Ережеп Мәмбетқазиев Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрі болды. Осы лауазымда жүріп, жоо тәжірибесіне тестілеуді, «Болашақ» кадрларды дайындау бағдарламасын, үштілділікті, «бакалавр — магистр — доктор Ph.D» үш сатылы дайындық жүйесін енгізді.

1993 жылдан бастап Шығыс Қазақстан университеті мен АҚШ жоо-лары арасында студенттерді алмастыру бағдарламасы жұмыс істей бастады. Америкалық оқытушылар оқу процесіне ағылшын тілінде сөйлеуші ретінде қатысты. 1994 жылдың ақпан айында АҚШ-қа ресми сапар кезінде білім және ғылыми министрі Мәмбетқазиев «ИнтерВарсити» халықаралық бағдарламалар бойынша вице-президенті Д.Харрисонмен ШҚМУ құрылымында Экономика және гуманитарлық ғылымдар Халықаралық Жоғары колледжін құру жобасы туралы келіссөздер жүргізді. Осы сапардың нәтижесінде 1994 жылдың 19 мамырында ӨР Білім министрлігінің ШҚМУ құрылымында «Экономика және гуманитарлық ғылымдар Халықаралық Жоғары колледжін» құру туралы бұйрығы шықты.

Бүгінгі таңда Ережеп Мәмбетқазиев Қазақстан-Америкалық Еркін Университетінің президенті. Университет бірқатар халықаралық сыйлықтарға және абитуриенттер арасында аса жоғары танымалдыққа ие.

Біздің заман туралы үш сұрақ:

— Ережеп Әлхайырұлы, Сізді біздің заман немен қуанта алады?

— Қазақстанды әлемге танымал әрі мықты ететін жетістіктерімен. Біз республикамыздағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және барша әлемге деген бейбіт саясатын бағалауымыз керек. Кейбір мәселелерге қатысты келіспеушіліктер басқа елдердегі сияқты бізде ауыр шиеленіске ұласпайтыны қуанатады. Мұндай жағдай халықтың әл-ауқатының тұрақтылығына әсер етеді.

— Сіздің көңіліңізге қаяу түсіретін не?

— Басшылар мен мамандардың біліксіздігінен салдарынан маңызды стратегиялық жобалар жүзеге асырылмай қалатыны қынжылтады. Халық пен президент жоғары үміт артқандардың жауапсыздығы мен баршаға ортаға прогресс үшін жұмыс істеуге ниетсіздігі қапаландырады.

— Қазақстанды болашақта қандай етіп көргіңіз келеді?

— Тұрақты, жетістікті, мықты. Бұл әр қазақстандықтың сапалы білім алуға деген талпынысы, өзін құнды адамгершілік негізі бар тұлға және жоғары білікті маман ретінде қалыптастыра білуіне тікелей байланысты болмақ. Тек осындай мықты адами әлеует қана Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі мен жетістікке жетуін қатамасыз ете алады.

Біздің анықтама:

Ережеп Мәмбетқазиев — химия ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының, Жоғары мектеп Халықаралық Академиясының, акмеологиялық ғылым, шығармашылық, минералды ресурстар академигі, Германиядағы (Берлин) Халықаралық ақпараттандыру Академиясы Штаб-пәтерінің вице-президенті. Үлестіруші қосылыс электрохимиясы отандық ғылым мектебінің негізін қалаушы.