Еркін күрес шеберлері құрлықтық жарыста бақ сынайды

69
көрілім
Фото m.sport.inform.kz сайтынан

Ақпанның 17-23 күндері аралығында Үндістан астанасында өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатында екі салмақта шығысқазақстандық палуандар ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Серікбаев бастап баратын палуандарымыз қазір соңғы оқу-жаттығу жиынын пысықтауда. Бапкерлер құрамы кеңесе келе Нью-Делиде өтетін дүбірлі додаға алдыңғы қатарлы спортшыларды үкілеп қосуға бел буған. Оның ішінде 74 келі салмақта Азия чемпионы, көкпектілік Данияр Қайсанов пен 86 келіге дейінгі салмақта жастар арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Азамат Дәулетбековтың баратынын айта кетейік.

Әділхан ЕСІМХАНОВ