Ерлан Андабаев – Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы колониядағы тұрақтылыққа әсер етеді

458
көрілім

ШҚО прокурорының орынбасары жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуы қандай маңызға ие екендігін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алдағы уақытта түзеу мекемелеріндегі бос ғимараттардың жағдайы тексеріліп, сотталғандардың біршамасы жаңа жұмыспен қамтылмақ. Ерлан Ахметсапаұлы осыған қатысты іскер азаматтар мен кәсіпкерлер ұсынысын ескере келе нақты қадамдар жасалатынын айтты.

– Осы сұрақтың жауабын іздей отырып, көлеңкеленіп келген кейбір мәселелерден құлағдар болдық. Қазір көтеріліп жатқан сауалдар ішіндегі ең маңыздысы – жазасын өтеушілердің жұмысқа тұруын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлерді тарту. Олардың жұмыспен қамтылуы, еңбек етуі колониядағы тұрақтылыққа әсер етеді. Оған қоса, адал еңбектерімен ақша табады. Ал кәсіпкерлер арқылы жұмысқа орналастыру әдісі бұған дейін де қолға алынған. Қазір соны пысықтап жатырмыз. Облыс көлемінде 1961 сотталушы жұмыспен қамтылды десек, көрсеткіш көңіл көншітпейді. Біздегі тағы мүмкіншіліктер бар. Оны кезекті жиын барысында түскен әралуан ұсыныстар кезінде толығырақ талқылаймыз. Жалпы, сотталғандар арасында темірден, ағаштан бұйымдар мен жиһаздар жасау, киім тігу сынды бағыттарға көбірек ден қойылған. Ағаштан түйін түйіп, домбыра жасайтындар да бар, – деді жауапты тұлға.