Ертең Өскемен қаласында екі бірдей ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

494
көрілім
Фотосурет arnapress.kz сайтынан.

Сенбі күні облыс орталығында екі бірдей ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтпек, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен қаласындағы «Freshmarket» фермерлік гастрономында және Металлургтер мәдениет сарайының (ДКМ) алдында өтетін жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, көкөніс саудаланбақ.

Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни желтоқсан айының 2-і күні сағат 9:00-де басталады.