Ертең Өскемен қаласындағы Республика алаңында жол-көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады

482
көрілім
Фотосурет - oskemen.info сайтынан

Облыс орталығының Республика алаңы темір тұлпар тізгіншілері үшін сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жабық болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі, Өскемен қалалық ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап.

Ертең халықаралық балаларды қорғау күніне орай Өскеменде балалар және жастар музыкалық ансамблі мен оркестрі шеру өткізеді.
Бүгіннен бастап дайындық жұмыстарына байланысты сағат 18.00-ден Республика алаңына апаратын көлік жолдары уақытша жабылды. Атап айтқанда,

  • Орджоникидзе көшесі – Киров көшесі қиылысынан Пермитин көшесіне дейін
  • М. Горький көшесі – Киров көшесі қиылысынан Пермитин көшесіне дейін
  • Қазақстан көшесі – Қайсенов көшесінің қиылсынан Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықтарда жол-көлік қозғалысы уақытша шектеледі.