Ертең ШҚО-да қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін

411
көрілім
Фотосурет - Zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысында кезекті дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, ШҚО-да 30 мамыр күні 30 м/с жылдамдықта жел соғады деп күтілуде.

– Кей аймақтарда қатты бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін, – дейді «Қазгидромет» мамандары. – Дауылдың соғу ықтималдығы – 90-95 пайыз.