Есірткіге тосқауыл

265
көрілім

Өткен жылы облыс бойынша есірткінің заңсыз айналымына қатысты 768 құқық бұзушылық тіркелген. Алдағы уақытта бұл мәселені жіті қадағалауға алу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылмақ.

ШҚО Прокуратурасында өткен отырыс барысында өңіріміздегі есірткі айналымының мән-жайы талқыға салынды. Жиын барысында дәрі-дәрмектік тәуелді нашақорлықтың алдын алу бойынша қабылданатын шараларға да аса назар аударылды. Прокурорлар заң бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасаған адам фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиядан айыру жазасы жоқ екендігінің анықталғанын атап өтті. Олардың пікірінше, кәсіпкерлер айыппұлдан қорықпайды (70 АЕК-тен 130 АЕК-ке дейін). Себебі осы сома нашақорларға есірткілік ықпалы бар дәрілерді сатудан түсетін табыстан біршама төмен. Осыған байланысты, құзырлы органдарға заңнаманы жетілдіру туралы тиісті ұсыныстар жолданбақ.

Айта кету керек, өткен жылы заңсыз есірткі айналымына қатысты 768 құқық бұзушылық тіркеліп, қылмыстық жауапкершілікке 535 адам тартылған болатын.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ