Әуежай ашылды

487
көрілім

Семей қаласындағы әуежай салтанатты түрде ашылды. Шараға облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.

– Бұл әуежайға жөндеу жұмыстарын қалай бастағанымыз әлі есімде. Енді міне, Семейде халықаралық стандарттарға сай әуежай бар, – деді аймақ басшысы.

Әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңартылып қана қоймай, жаңа күту аэробекеті бой көтерген. Бұл кешен сағатына 200 жолаушыны өткізе алады. Оның 80 пайызын ішкі рейс жолаушылары құраса, 20 пайызы сыртқы рейстерге тиесілі.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ