Әуежай әдемілене түсті

469
көрілім

Семей əуежайына жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңа талаптарға сəйкес жаңғыртудан өткен əуежайдың тыныс-тіршілігімен Шығыс Қазақстан облысының əкімі Даниал Ахметов кезекті сапары барысында танысты, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарын жүргізген «Терезе» ЖШС директоры Ұлықбек Тұмашиновтың сөзіне қарағанда, əуежай заман талаптарына сəйкес барлық стандарттарға жауап береді. Айта кетейік, әуежайға күрделі жөндеу жұмыстары «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 30 жылдан кейін жүргізілді. Бұл мақсатта бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бірақ кейіннен жөндеу жұмыстары үшін тағы қосымша 515 млн теңге бөлінген. Бұған ғимараттың шатыры, төбесі, едені мен терезелері ауыстырылып, жарық тартылған. Қазір аяқталған жұмыс сапасын арнайы құрылған комиссия бағалауда.

Бірақ əлі аяқталуы тиіс шаруа бар. Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес ғимараттың фасадтарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл мақсатта бюджеттен тағы 300 млн теңге бөлінген. Жоба дайын. Енді жұмыстарды жүргізетін мердігер мекемені анықтау үшін алдағы аптада байқау өтеді деп жоспарлануда.

Асқар ТҰМАРБЕК