Глубокое ауданына жаңа әкім тағайындалды

661
көрілім

Ауданның жаңа басшысы болып отыздың төртеуін толтырған Елдар Тумашинов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Глубокое ауданының жаңа әкімін таныстырдым. Бұл лауазымға 34 жастағы Елдар Тумашиов тағайындалды, басқару қабілеті жоғары әрі тәжірибесі толысқан. Соңғы уақытта «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған, - деді өңір басшысы Даниал Ахметов. – Жастардың мұндай жауапты жұмысқа әзір екендіктерін көріп қуанып отырмын әрі Глубокое ауданында жақсы команда құрылды.
Айта кетейік, осыған дейін аудан әкімі болған Тамара Рахимжанова орынбасары Сергей Кимасовтың пара алуына байланысты қызметінен өз еркімен кеткен болатын.