Глубокое ауданында анасына ренжіген жасөспірім үйінен кетіп қалған

400
көрілім
Шартты сурет

Мамырдың 28-і күні Глубокое ауданының полиция бөліміне аудан тұрғыны қоңырау шалып, 13 жасар баласының жоғалып кеткенін жеткізген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анасының айтуынша, жасөспірім мамыр айының 27-сі күні кешкі сағат 20:30 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

- Бірден жедел-іздестіру шаралары қолға алынып, тәртіп сақшылары баланың баруы мүмкін барлық жерлерді аралаған.
Анықталғандай, жасөспірім бір күн бұрын көрші баламен сөзге келмей ұалыпты. Анасы көрші баладан кешірім сұрау үшін ұлын  үйіне жіберген екен, алайда татуласудың орнына ата-анасына өкпелеген жеткіншек кешірім сұрағысы келмей, ешкімге ескертпестен туысқандарының үйіне кетіп қалған, – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Тәртіп сақшылары жасөспірімге бұлай етудің қате екенін түсіндіріп, үйіне қайтарды.