Глубокое ауданында болған жол апатынан ер адам көз жұмды

807
көрілім

Қараша айының 2-сі күні таңертең сағат 07:15 шамасында Глубокое ауданындағы «Өскемен-Рахман қайнарлары» автожолының 16-шы шақырымында жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 48 жастағы Lada Granta маркалы көліктің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы кезінде Lada Granta жүргізушісі ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.


- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің  345-бабы, 3-бөлігіне сәйке (абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқарушының жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, соның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады, - деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионов.