Глубокое ауданында ер адам ауыл тұрғындарының сәлемдемелерін жымқырған

494
көрілім
Фотосурет - yk-news.kz сайтынан

Глубокое ауданындағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне ұрлыққа түскен ер адам ауыл тұрғындарының сәлемдемелерін жымқырған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының сайты.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнгі уақытта  «Қазпошта» бөлімшесіне заңсыз кірген еркек қолына ілінгеннің барлығын алып, тайып тұрады. Жұрттың сәлемдемелерін қанағат тұтпаған ұры сейфті де бұзып, оның ішіндегі ақшаны да қалтаға басыпты. Алдын ала келіп түскен деректерге сүйенсек, ер адам бұл қылмыстық әрекетінен 60 мың теңгеден астам пайда көрген.

Келесі күні бөлімшенің астаң-кестеңі шыққанын көрген пошта қызметкерлері полицияға хабарласады. Жедел әрекет еткен Глубокое аудандық ІІБ-нің тәртіп сақшылары 41 жастағы күдіктіні қолға түсірді.