Глубокое ауданында су деңгейінің көтерілуіне байланысты сақтық шаралары қолға алынуда

356
көрілім

Уварово ауылындағы Ертіс өзенінің арналарында су деңгейінің көтерілуіне байланысты әкімдік төтенше жағдайлар бөлімімен, шаруа қожалықтары басшыларының күшімен жағалауды нығайту үшін құм салынған қапшықтарды дайындауға шұғыл көмек көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 500 қапқа салу үшін 20 тонна инертті материал әкелінді, сондай-ақ композитті материал шашылған. Жеке құрамнан 40-тан астам адам тартылды. Сондай-ақ Глубокое кентінде «Апельсин» дүкені ауданында атауы жоқ жылғаның арнасы бойында инертті материалы бар қап салынған, – делінген аудан әкімі Тамара Рахимжанованың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әкімдіктегілердің сөзінше, су тасқыны жағдайы туындаған жағдайда аудан тұрғындарына 8 (72 331) 21270, 22808 телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады.