Глубокое ауданында үйінен кетіп қалған жасөспірім табылды

423
көрілім
Шартты фотосурет

Қазан айының 28-і күні кешкі сағат 19.00 шамасында Глубокое ауданы полиция бөлімінің «102» жедел арнасына жасөспірімнің үйден шығып, сол беті оралмағаны жайлы ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Берілген мәліметке сүйенсек, анасы хабарласып, полицейлерге 13 жастағы баласының 27 қазанда түс кезінде үйден серуендеуге шығып кетіп, қайтып келмегенін айтқан.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жіберілді, барлық жеке құрам дабылмен көтеріліп, кәмелетке толмаған баланы іздеуге жіберілді. Нәтижесінде баланың барлық баруы мүмкін болатын орындар мұқият қаралып, жасөспірімнің туыстары мен достарынан сұрастырылып, өзен жағасын тексерді.

Ұйымдастырылған ауқымды жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жасөспірімнің жүрген жері анықталды. Белгілі болғандай, ол ата-анасына ескертпей досының үйіне қонуға кетіп қалған. Осыған дейін жеткіншек бірнеше рет үйден кеткені мәлім болды.

Қазіргі уақытта профилактикалық әңгіме жұмысы жүргізіліп, жасөспірім ата-анасының жанында.