Глубокое ауданындағы бірнеше ауылға көше шамдары орнатылады

311
көрілім

Үстіміздегі жылы Глубокое ауданындағы кент пен бірненеше ауыл көше шамдарымен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Елена Старенкова берген ақпаратқа сәйкес 2019 жылы 3 кент және 7 ауылға көше шамдары орнатылған. Атап айтсақ, Прогресс, Березовка, Веселовка, Предгорное, Прапорщиково, Каменный Карьер, Опытное поле ауылдары және Алтайский, Белоусовка және Верхнеберезовский кенттері. Оның ішінде, Предгорное ауылының Главная көшесіне 4 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Бұл дегеніміз өзге ауылдарға қарағанда жарықтандыруға бөлінген ең көп ақша болып отыр.

Мәлім болғандай, көше шамдарын үстіміздегі жылы Березовка ауылындағы Құрманғалиев көшесіне, Веселовка ауылындағы Солнечное көшесіне, Кожохово ауылының кіреберісіне, сондай-ақ Алтайский кентінің Юбилейная көшесіне орнату жоспарға енгізілген.

Нұрбек АСҚАРОВ