Глубокое ауданының тұрғыны саңырауқұлақ теруге шығып, адасып кеткен

346
көрілім

Алдымен туыстары іздеп таба алмай, тәртіп сақшыларына жүгінген деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі мен Черемшанка орман шаруашылығы жұмылдырылды. Белоусовка ауылының тұрғыны жергілікті полицейлерге 57 жастағы жақыны саңырауқұлақ теруге кетіп оралмағанын, онымен байланыс үзілгенін айтқан.

– Туыстары оны өз бетімен табуға тырысқандарымен нәтиже болмады, – деп хабарлады полиция бөлімі. – Іздестіруге Глубокое ауданы әкімдігінің төтенше жағдайлар департаменті, Черемшанка орман шаруашылығының қызметкерлері мен техникасы да жұмылдырылды.

Қуанышқа орай жоғалған әйел аман-есен табылды