Головкин жаттығуды қашан бастайтыны белгілі болды

475
көрілім
Фотосурет - Informburo.kz сайтынан.

Орта салмақта бірнеше нұсқа бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин боксқа арналған The Ring журналына сұхбат берді, деп хабарлайды Baq.kz сайты vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарға қарағанда, сұхбат әлі толық жарияланбаған, алайда RingTV журналисі Стив Ким твиттерде әңгіменің кей тұстары туралы жазған.

— Головкин бізге желтоқсан айында Big Bear-ге барып бірнеше апта жаттығу жасайтынын айтты, — деді Ким.

Оның сөзіне қарағанда, Головкин таяу уақытта бокстан кетпек ойы жоқ, ол жылына үш немесе төрт кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстандық боксшы бұл сұхбатты орыс тілінде берген.

Геннадий Головкин The Ring журналы нұсқасында үздік боксшылардың рейтингінде бірінші орында тұр.