Грек-рим күресі Олимпиада ойындары бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

469
көрілім
Фотосурет instalker.org сайтынан

Барша «классиктер» үшін тосын жаңалық. Біріккен Күрес Әлемі басшылығы грек-рим күресінің Олимпиада ойындары бағдарламасынан шығарылуы жиі ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Біршама қызық шешім. Басым жағдайда тау халықтары мен еуропалықтар, Азия құрлығының үздіктері мен ирандықтар атой салатын күрестің бұл түрі үшін Токиодағы аламан соңғы аялдама болуы мүмкін. Кей мамандар 2022 жылы Сенегал елінің Дакар қаласында жасөсіпірімдер Олимпиадасында грек-рим күресі болмайды деп болжауда. Қалай болғанда да 2024 жылға дейін бір өзгерістің болып қалуы бек мүмкін. Дегенмен грек-рим күресі жайлы қандай да бір пікір айтпас бұрын күрессүйер қауым оның төртжылдықтың басты бәсекесі бағдарламасынан алынып тасталуына үзілді-кесілді қарсы. Айтуларынша, оның өзге спорт түрлерінен еш кемшілігі жоқ, қайта өзіндік әдемі әдістері көрермен делебесін қоздырып, бас алмай тамашалауға мүмкіндік береді. Сонда грек-рим күресінің орнына қандай күрес пайда болмақ? Бірқатар ресми дереккөздер мен Біріккен Күрес Әлемінің хабарлауынша, «классиктер» текетіресін құмдағы күрес алмастыруы мүмкін. Әйтсе де құмдағы белдесуден гөрі, бозкілемдегі айқас әлдеқайда қызықты сияқты.