Грек-рим күресінің шебері Ербол Қоңыратов жаңа қызметке тағайындалды

942
көрілім

Үржарлық палуан Өскемен қалалық денешынықтыру, спорт және туризм бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ербол Қоңыратов бұған дейін БЖСМ-нің спорттық ойын түрлері бойынша директоры лауазымында қызмет етті. Спорттық мекемелерді басқару жағынан жұмыс тәжірибесі бар, күрестен ұлттық құрамада жарыстарға қатысқан. Спорттық жетістіктері мен Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс пен марапат алған.

Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

– Жаңа лауазымда Ербол Өскеменнің спорт және туризм саласына жетекшілік етеді. Жұмыстың ең маңызды бағыттарының бірі – кәсіби спорт мектептерін дамыту, ұлттық құрама үшін олимпиадалық резервті іріктеу мен құру.

Бұқаралық спорт бағытының да маңызы зор. Қалалықтарға спортпен шұғылдану үшін жағдай жасалу керек. Спорт мәдениеті мен салауатты өмір салтына деген ортақ сүйіспеншілікті қалыптастыру қажет.

Ербол Қоңыратовтың осы міндеттерді жүзеге асыруы үшін тәжірибесі жеткілікті деп сенемін, – деді Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.