Ғаламтор арқылы тауарға тапсырыс берген Семейлік азамат алаяққа жем болды

584
көрілім

Семей қаласының тұрғыны ғаламтор арқылы қаркешкінге (снегоход) тапсырыс берген, алайда оның тапсырысы сол күйі келмеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ғаламтордағы дүкендердің бірін шарлап отырып, қаркешкінге көзі түскен ер адам қызығушылық танытып, аты аталған техниканы сатып алмақ болады. Осы мақсатта ол сатушының шотына алдын ала 560 мың теңге аударған, алайда оның техникасы да, салған ақшасы да сол күйі қайтқан жоқ.

Алаяқтың торына іліккен азамат болған жайтты тәртіп сақшыларына мәлім етеді. Жедел әрекет еткен полиция қызметкерлері 25 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабымен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.