Ғаламтор желісі тартылады

367
көрілім

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында елді мекендерге кеңжолақты ғаламторды жеткізу мәселесін көтерді, деп хабарлайды газет тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

- Қазақстан аумағы бойынша 9-орында тұр. Бірақ халқымыз аз, еліміздің әр жерде орналасқан. Қазақстанда 7 мың елдімекен бар. Әр адамға кеңжолақты ғаламтор жеткізуге біздің қаржымыз жетпейді. Ең соңғы ауылға ғаламтор жеткізгенге дейін технология өзгеріп кетпей ме деп ойлаймын. Мұның қажеттілігі болмайтын да шығар. Сондықтан да біз басқа нұсқаны таңдадық. Негізгі ауылдарды дамытатын боламыз. Бізде олардың саны мыңнан асып жығылады. Ең бірінші кезекте кеңжолақты ғаламтор жеткізілетін болады. Біз бұл жұмысты бастап кеттік. 2021 жылға қарай аяқтаймыз деген ойдамын. Осылайша алдымызға жедел түрде шешілуі тиіс ауқымды міндет қойып отырмыз, - деді Үкімет басшысы «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында.

Ерлен ОСМАНОВ
Фотосурет Total.kz