Ғаламтор желісінде жасырын пікір жазуға заңды түрде тыйым салынды

626
көрілім

Елімізде ғаламтор желісінде жасырын пікір жазуға заңды түрде тыйым салынды, деп хабарлайды buqara.kz тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

9 қаңтардан бастап «Ақпарат пен коммуникациялар мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңындағы түзетулер заңды күшіне енді. Сайт иелері енді электронды үкімет порталы немесе SMS арқылы идентификациялау туралы келісім жасауға міндетті.