Ғимарат жөндеуден өткізіледі

770
көрілім

2 тамыз күні жұмыс сапарымен Бастаушы және Көкжота ауылдарында болып қайтқан Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов Абай атындағы орта мектептің ғимаратын аралап, жағдайды көзімен көрді, деп хабарлайды газет тілшісі Көкпекті ауданы әкімінің ресми сайтына сүйене отырып.

"Бастаушы ауылындағы мектептің жағдайы көптен бері жұртты мазалап жүрген мәселенің бірі екені белгілі. Аудан басшысы Абай атындағы ескі мектептің апаттық жағдайын көзімен көрді. Қазіргі күні оқушылар білім алып жатқан ғимарат сыйымдылығы стандартқа сай келмейді. Осы түйінді сұрақты шешу үшін ауылда бос тұрған балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін қажетті жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу туралы тапсырма берілді", - делінген аудан әкімінің сайтында

Ерлен ОСМАНОВ