Иісін сезіп қойған

448
көрілім

Қызметтік ит жүк көлігінің салонында жасырылған марихуананы анықтауға көмектесті. Оқиға "Ертіс" стационарлы бақылау пунктінде орын алған, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сүйене отырып.

13 қазан күні сағат 11.00 шамасында полиция қызметкерлері "Ертіс" стационарлы бақылау пунктінде "Nissan" маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Тәртіп сақшылары жүк көлігі жүргізушісінің құжаттарын тексеріп жатқан мезетте Арлан есімді қызметтік ит есірткі затының исін сезіп қойған.

- 43 жастағы жолаушының қалтасынан жалпы салмағы 38 грамм болатын марихуанасы бар қағаз орама табылған. Кейін сараптама ер адамның есірткі шегіп алған күйде болғанын анықтаған, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. - Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ерлен ОСМАНОВ