"Қағаз" полицейлер қадағалауда

309
көрілім

Өңіріміздегі автожолдарда жол-патрульдік полициясы көліктерінің муляждары пайда болды.

Облыстық ІІД хабарлауынша, облысымыздың тасжолдарында осындай "қағаз" полицейлердің 12-сі орнатылған екен.

Мұндай муляждардың бірі Қасым Қайсенов кентінің маңындағы жол бойына орнатылып, біраздан соң жоғалып кеткен еді. Әлеуметтік желіде көпшілік оны ұрлап кетті деген ұйғарымға келген болатын.

- Муляж аз уақытқа ғана орнатылады. Қазіргі кезде ол басқа жерге орнатылды, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ