Қан құю әдісі сауығып шығуға мүмкіндік береді

407
көрілім

Қан құю расымен де коронавирус инфекциясынан сақтанудың жолы ма? Қазіргі уақытта осы індетті жұқтырғандарға сеп бола ала ма? Осы және өзге де сауалдарға ШҚО қан орталығы директорының орынбасары Светлана Шмурыгина жауап берді.

 – Қазір өңірде иммунды қан құю үшін донорлар іздестіріліп жатқандығы белгілі. Сонда мұның қандай қажеттілігі бар, қан құюдың сырқаттарға пайдасы қандай?

 – Ең әуелі плазма дейміз (қан құю) – қанның сұйық бөлігі. Қан құрамынан жасушаларды (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) алып тастағанда плазма ғана қалады. Оның құрамында қан айналымы кезінде түрлі қызметтер атқаратын ақуыздың көп бөлігі бар. Соның кейбір иммуноглобулиндері жұқпалы ауруларға қарсы тұра алады. Кез келген жұқпалы аурудың сауығып шығу жолы бір – соған қарсы тұру иммунитетін қалыптастыру. Дегенмен оған көптеген адамдардың ағзасы әзір тұр деуге келмес, соның салдарынан сырқат деңгейі үдей түседі. Иммунды плазманы құю нәтижесінде ауыр халдегі науқастардың иммунитеті қалыпқа келеді. Оны жасанды жолмен қабылдау мүмкін емес. Тек COVID-19-ға қарсы дене қалыптасып, содан сауығып шыққан адам ғана донор бола алады.

 – Қан құю әдісі расымен коронавирустың емі бола ала ма?

 – Жоқ. Мынаны айтқым келеді, қан құю дегеніміз – басқа да дәрі-дәрмектер сияқты инфекцияға қарсы тұрудағы қосымша амалдар. Толыққанды емі деп қабылдамаған жөн. Қазір клиникалық сынақтар жүргізілуде. Әрине, алдағы уақытта оң нәтижесін береді деген сенімдеміз. Иммунды плазмамен теориялық емдеудің соңы неге әкелетінін топшылап көруге болады: сауығып шыққан науқастар қан құю арқылы иммунитеттері нығайып, вирусты жеңіп шығу мүмкіндіктері молайған. Әу баста айтқан ақуыздар қан құрамында, нақты айтсақ, плазма деп аталатын сұйық бөлігінде орналасқан. Теориялық тұрғыда да сауығып шыққан донордан қан алып, науқасқа құйсақ сол адамның ағзасында бола тұрып вирусқа қарсы тұруға сеп болады. Бұл әдіс медицина саласында кең тараған және профилактикалық шаралар кезінде инфекцияға қарсы күресте пайдаланылуда.

 – Жер-жаһанда жасалып жатқан клиникалық сынақтар елімізде де қолданылуда. Соның нәтижесі қандай?

– Рас, осыған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сияқты індет өрши түскен қалаларда бұл әдіс қолданылуда. Қан құю нәтижесінде науқасың иммунинеті күшйіп, адамның ауруға қарсы тұру қабілеті де артқан.

 – Көптеген отандастарымыз қан тапсыруға жүрексінеді. Қайтадан вирус жұқтырып аламын деп секемденеді. Сонда бұл әдіс денсаулыққа қаншалықты қауіпсіз?

 – Ешқандай қаупі жоқ. Қан орталығының басты мақсаттарының бірі – донор үшін де, реципиент үшін де қауіпсіздік жағын қамтамасыз ету. Қан тапсырмас бұрын әр дұрын бірнеше кезең бойынша тексерістен өтіп барып, іріктеледі. Орталықтың өзінде қауіпсіздік шаралары ерекше назарға алынған. Жалпы біз ғимараттағы дезинфекциялауды қатаңдаттық, екі сағат сайын заманауи құралдармен тазалау жұмыстары жүргізіліп, донор мен медициналық қызметкер тиісті құралдармен жабдықталған...

 – Әңгімеңізге рахмет!

 – Сізге де рахмет.