Қандай ауа-райы жағдайында сабақ тоқтатылады?

1142
көрілім
Фотосурет - alau.kz сайтынан.
Қылышын сүйретіп қыс та таяп қалды. Бірер айдан кейін бұл мезгіл қаһарына мініп, алғашқы борандарымен шабуылдап, аяздарымен қыса бастайды. Осы орайда, Білім басқармасы қыс мезгілінде ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты білім мекемелеріндегі сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыстың климаттық жағдайына байланысты желдің жылдамдығын есепке ала отырып, төмендегі шекті температурада сабақ тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы

Ауа температурасы

Сыныптар

Секундына 2 метрден аспаған жағдайда

— 28ºС және одан төмен

1-4 сыныптарда

— 32ºС және одан төмен

5-9 сыныптарда

— 34ºС және одан төмен

10-11 сыныптарда, кәсіби лицейлер мен колледждердің I,II курстарында

Секундына 2 метрден жоғары болған жағдайда

— 25ºС және одан төмен

1-4 сыныптарда

— 27ºС және одан төмен

5-9 сыныптарда

— 29ºС және одан төмен

10-11 сыныптарда, кәсіби лицейлер мен колледждердің I,II курстарында

— 37ºС және одан төмен

Барлық мектептер мен колледждерде