Қаңтар қытымыр мінез көрсетпек

511
көрілім

Қаңтар айының 19 -на қарай күн ашылып, ауа температурасы шыңылтыр аязға айналуы мүмкін. «Қазгидромет» РММ деректеріне сенсек, қазірдің өзінде орнаған аязды күндер қаңтар айының алғашқы онкүндігін толықтай қамтитын көрінеді. Мамандар мұның осы аймаққа келіп жеткен Сібір антициклонының салдары екенін алға тартады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, қаңтардың 10-ына дейін түнгі уақыттағы ауа температурасы минус 30 градустан төмен түспеуі керек. Ал күндізгі ауа температурасы минус 15-20, кей жерлерде минус 25 градусқа дейін салқындықты көрсетуі мүмкін.

– Ұзақ мерзімді болжамдарға сенсек, ауаның бұдан әрі суытып, аязды күндердің орнауы Шоқыну рәсіміне қарай орын алады, – деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қар әдеттегі мөлшерден көп жауады деп күтілуде.