Қарағандыда бір жарым жасар қыз бес ине жұтып қойға

328
көрілім

Қарағандыда бір жарым жасар қыз ине терапиясына арналған бес инені жұтып қойған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, ата-анасы шашылып жатқан құралдарды көріп, баланың мазасыздана бастағанына алаңдаған. Ауруханаға жеткеннен кейін дәрігерлер шұғыл ота жасаған. Үш ине сәбидің асқазанынан және тағы екеуі аш ішегінен шыққан. Ота сәтті аяқталды, ал бір жарым жасар қыз ауруханадан шықты.

Айта кетейік, биылдың өзінде эндоскопистерде жас балалар жұтып қойған бірнеше құрал табылған. 50 шақты ота балалардың асқазанынан тиын, шеге, сақина және түйрегіштерді алу үшін жасалған.

Дәрігерлердің сөзінше, биылдыққа асқазаннан инені алу операциясы екінші рет жасалып отыр екен. Бұған дейін дәрігерлер тігін инесін байқамай жұтып қойған 14 жастағы қызға ота жасаған.