Қараша айында күн суытады

358
көрілім

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 қазан мен 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Кезекті циклон қалыптасып, Ресейдің еуропалық бөлігінде белсенділігін арттыра бастады. Алдағы тәулікте ол Оралға қарай жылжиды, соны әсерінен суық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына ығысады. Циклон және фронттардың шығыс бағытында жылжуына қарай жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ екпінді жел, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ республиканың қалған өңірлерін де қамтиды. Климаттық нормадан 3…6°С, республиканың солтүстігінде 8…13°С жоғары болған аномальді жылы ауа температурасынан кейін күн суытады. Қараша айының басында батыс өңірлерінде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2…4°С төмен болады деп болжануда", - делінген хабарламада.