Қараша айының 1-нен бастап терісі бағалы аңдарды аулауға рұқсат берілді

323
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясындағылар мәлімдеді.

Мамандар келер жылдың ақпанына дейін аулауға болатын жануарлар тізімін ұсынды. Кестеге назар аударайық:

Жануар түрі

Аңшылық мерзімі

1

Жанат тектес ит

 

 

 

 

 

 

1 қараша мен 15 ақпан аралығы

2

Қарсақ

3

Түлкі

4

Бұлғын

5

Құну

6

Сарғыш күзен

7

Ақ тышқан

8

Қоян

9

Сілеусін (түркістандық сілеусіннен бөлек)

10

Кәмшат

Бұдан бөлек, шайқағыш жанат (енот-полоскун), америкалық қара күзен, сасық күзен және сарыкүзен де бар.

– Ережеге сәйкес жануарларды аулауға аңшылық аумақтарында аңшылық шаруашылық жолдамасы мен жануарлар әлемін қолдану рұқсатына ие болған жағдайда мүмкіндік беріледі, – делінген инспекция ұсынған мәліметте.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 56 аңшылық шаруашылық бар. Оның 31-і аңшылық қолданушыларда бекітілген, ал 25-і сақтаулы қорда тұр. Яғни ол жақта аң аулауға тыйым салынған.