Қарғын судан құтылады

313
көрілім

"Алматы-Өскемен" тасжолының облыс орталығы аумағындағы бөлігіне су бұрғыш канал салынбақ

"Өскемен Тәртіп" кәсіпорны 22-ші тұрғын ауданда көктемгі қарғын суға қарсы әрекет жасауды қолға алды. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қаланың аталмыш бөлігінде су ағатын арық бар көрінеді. Алайда арық ұзақ уақыттан бері тазаланбай келген. Енді коммуналдық қызмет көктемге дейін су арнасын тазартып, су тасқынының алдын алу әрекетін жасамақ. Бұл өз кезегінде аталған тұрғын аудан мен Меновное ауылының шығыс бөлігінде тасқын су басу қаупін азайтпақ.

- Су арнасы тазаланып, канал тереңдетіледі, - делінген хабарламада. - Сонымен қатар каналды Ертіс өзеніне дейін ұзарту жоспарланып отыр.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ