Қарғын судың қаупі азайды

240
көрілім

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Зайсан, Катонқарағай және басқа да аудандардың елді мекендеріне тасқын судың қауіп төндірмейтінін хабарлады.

Облыстық ТЖД басшысы Нұрлан Мадьяровтың айтуынша, су тасқынына қарсы жоспарланған 80 шараның бүгінгі таңда 43-і орындалған.

- Бутаково (Риддер), Абай ауданының Саржал, Құндызды, Көкбай, Аягөз ауданының Қопа, Жарма ауданының Жаңаөзен, Зайсан ауданының, Кеңсай, Жарсу, Бақасу, Сарыжыра, Катонқарағай ауданының Катонқарағай, Ақсу, Берел, Күршім ауданының Күршім ауылдары сияқты 14 елді мекеннен тасқын су басу қаупі алынды, -деді Нұрлан Мадьяров тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде. - Тағы 13 елді мекенді су басу қаупі азайтылды.

Ерлен ОСМАНОВ