Қарттарымыздың қадырын біліп, бағалайық!

563
көрілім

1-қазан халықаралық қарттар күні. Осыған орай, ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының Тыл ардагерлері және көп балалы ана "Алтын алқа" иелері Мұқашева Нүрзия Нұрғазықызы мен Саденова Зейнеп Рамазанқызын құттықтауға барып, оларға алғыс айтып естелік сыйлықтар табыстады.

- Бұл күн еліміздің дамуына өзіндік үлес қосқан егде жастағы қарт кісілерге ерекше назар аударып, сый-сыяпатқа, қуанышқа бөлейтін күн, - дейді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нүриев.