Қатердің алды алынды

302
көрілім

«Өскемен-Самар» бағытындағы тасжолда жасанды қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл Шығыс Қазақстандағы осы маусымдағы алғашқы жасанды қар көшкінін түсіру жұмыстары болды.

- Жарылыс жасау кезінде жол бойындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Профилактикалық жұмыстар нәтижесінде тау беткейінде жинақталған 6500 текше метр қар түсірілді.

ТЖ қызметінің хабарлауынша, өңірімізде қар көшкіні жүру қаупі басым 300-ден астам учаске бар көрінеді.

 

Азамат ТЕМІРБЕКОВ