Катонқарағай ауданын дамытуға 30 млрд теңге бөлінеді

376
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде ауданды дамытудың кешенді жоспары талқыланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Алдағы бес жылда Катонқарағай ауданын дамытуға 30 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда, – дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. – Бұл қаражат сумен жабдықтау желілері мен жолдарды, оның ішінде туристік нысандарды жөндеуге, қонақ үйлерді салуға гранттар беру, мектептер мен ауруханаларды қайта жаңғыртуға және салуға, ауылдарды интернетпен қамтуға бағытталады.

Замира Сүлейменова