Қатонқарағай ауданында Мансап орталығы арқылы 5 адам жұмысқа тұра алады

77
көрілім

Мансап орталығы Қатонқарағай ауданы әкімдігінің ғимаратында орналасқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған орталық бұрынғы Қазақтелеком ғимаратында жөндеу жұмыстары аяқталған соң сонда қайта көшіріледі. Орталық жұмысын тоқтатпау үшін директордың міндетін уақытша атқарушыға 2 маман, 3 көмекші қабылданды. Қазір 5 адамға бос  жұмыс орны бар.
-    Мансап орталығын жүргізу үшін 32,3 млн теңге жұмсалады. Оның ішінде жалақы қоры – 24,8 млн теңге. Әртүрлі қажетті қорларды ( кеңсе және шаруашылық тауардарды) сатып алу үшін 0,4 млн теңге кетеді. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге 1,7 млн теңге, ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға – 0,8 млн теңге жұмсалады, - деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досхан Қайырғазинов.
Мәлім болғандай, Катонқарағай ауданындағы аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысына 78,8 млн теңге бөлу мәселесі қарастырылып отыр.