Катонқарағай ауданындағы биосфералық қорық ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік желісіне енгізілді

834
көрілім

ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Халықаралық үйлестіруші кеңесі Париж қаласында өткен отырыста ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік желісіне 23 жаңа биосфералық қорықты енгізу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

ЮНЕСКО желісін толықтырған қорықтардың қатарына «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қаратау биосфералық қорығы және Катонқарағай ауданы мен Ресей елінің шекарасын жалғап жатқан Қатын биосфералық қорығы енетін «Үлкен Алтай» енеді. Сондай-ақ аталған тізіме Германия, Италия, Португалия, Жапония, ОАР, Ресей, Коста-Рика, Дания және өзге де мемлекеттерің аумағында орналасқан қорықтар кіргізілді.

Биосфералық қорықтар дегеніміз – биотүрлілікті зерттеу бағытында «тірі лаборотория» саналады. Мұндай резерваттардың келешегі кемел. Қазіргі таңда Бүкіләлемдік биосфералық қорықтар қатарына 120 мемлекеттің аумағындағы 700-ге таяу орындар енгізілген.